Биыл Қазақстанда 333 608 сәби дүниеге келді

/uploads/thumbnail/20170717144016082_small.jpg

Қазақстандағы демографиялық ахуалға назар салып көрелік. 2018 жылғы көрсеткіштерге сәйкес, Қазақстанда 18 554 110 адам тұрады. Оның 8 912 005 ер адам болса, 9 642 106 әйел адам.

Биыл Қазақстанда 333 608 сәби дүниеге келді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 717 сәби дүниеге келген. 2018 жылы Қазақстанда халық саны 229 876 адамға артқан.

Қазақстандағы халық саны бірнеше факторға байланысты өсіп жатыр. Оның бірі -табиғи өсім болса, енді бірі шетелдегі қазақтардың Қазақстанға қоныс аударуына жағдай жасау.

Биыл Қазақстанға 27900 мигрант келген. Статистика агенттігінің келтірген мәліметіне сәйкес, 2017 жылы Қазақстандағы халық саны 18 324 237 болды. 2017 жылдан бері қазақстандықтардың саны 279 513 адамға көбейген. Жылдың өсім - 18 044 724 адам. Бұл - 1.55 %.

2018 жылы Қазақстан халқы 283 842 көбейген. Жыл соңында халық саны 18 608 079 адамға жетеді деген болжам бар.

Ағымдағы жылы Қазақстанда күніне 778 сәби дүниеге келеді.

Егер Қазақстанда өмір сүріп жатқан адамдарды жасына қарай үш топқа бөлетін болсақ, Қазақстанда тұрып жатқандардың көбі – 15 пен 63 жастағылар.

Өмір сүру ұзақтығы

Халықтың өмір сүру ұзақтығы демография мәселесіндегі ең басты әрі негізгі көрсеткіш. Қазақстанда орташа есеппен өмір сүру ұзақтығы – 98.5 жас.

Ер адамдың орташа өмір сүру ұзақтығы - 63.2 жас.

Әйелдердікі - 74.1 жас.

Демографиялық ахуалдың тәуелсіздік жылдарынан бері түзеліп, халық саны өсіп     келеді. Кез келген елдегі демографиялық ахуалға оның экономикалық, әлеуметтік жағдайы әсер ететінін ескеруіміз керек. Халықтың әл-ауқаты жақсарған сайын өмір сүру ұзақтығы, табиғи өсім, шетелдегі этникалық қазақтардың елге келуі жиілейді, туу көрсеткіші жоғарылап, өлім көрсеткіші төмендейді. Қазақстанда экономикалық, қоғамдық ахуалға қарайтын болсақ, елдегі халық саны өсіп жатқанын ескерсек, Қазақстанда демографилық саясат дұрыс жүргізіліп келеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар